Бүгін Жерде қатты магниттік дауыл байқалуы мүмкін

4 маусымда Күнде болған қуатты X класындағы жарқыраулар нәтижесінде пайда болған плазма ағыны Жер ионосферасына жетуі күтілуде. Бұл туралы РҒА Ғарыштық зерттеулер институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, аталған жарқыраулардың әсерінен ғаламшарда 6–7 баллдық деңгейдегі қатты магниттік дауыл туындауы мүмкін.
Атап өтілгендей, плазма ағынының Жердің магниттік өрісімен өзара әрекеттесуі кезінде кейбір адамдарда ұйқы сапасының нашарлауы, шаршау сезімінің күшеюі және жүрек соғысы ырғағында өзгерістер байқалуы мүмкін.
Осыған байланысты мамандар халыққа өз денсаулығына мұқият назар аударуды, шамадан тыс физикалық белсенділік пен психикалық кернеуден сақтануды ұсынады.



















Пікірлер 0
…