
Дүниежүзілік нарықта алтынның бір трой унциясы шамамен 4000 АҚШ долларына тең жағдайда, ғаламдық инвесторлардың назары қымбат металлдың ең үлкен қорларына ие елдерге аударылуда. Дәл осы мемлекеттер алдағы уақытта әлемдік алтын өндіру саласының негізгі орталықтарын құрайды деп күтілуде.
АҚШ Геология қызметі (USGS) мәліметтері негізіндегі талдаулар экономикалық жағынан өндіруге тиімді алтын қорлары бойынша елдердің рейтингін ұсынады. Бұл тізімде Ресей мен Аустралия алда келеді.
Әрбір мемлекеттің пайдаланылмаған алтын қоры 12 000 тоннаны құрайды. Қазіргі нарық бағасымен бұл қорлар әр ел үшін шамамен 1,7 триллион АҚШ долларына тең келеді.
Ресейде негізгі алтын кен орындары дәстүрлі түрде Сібір және Қиыр Шығыс өңірлерінде орналасқан. Ең ірі қорлар Краснояр өлкесі, Магадан және Амур облыстары мен Чукотка автономды округінде шоғырланған.
Аустралияда пайдаланылмаған қорлардың басым бөлігі Батыс Аустралиядағы бай ресурстар аймағында шоғырланған. Әсіресе, Илгарн кратон аумағында елдің көптеген ірі, белсенді және болашағы зор кен орындары орналасқан.
Әлемдік рейтингте үшінші орынды Оңтүстік Африка Республикасы иеленеді, оның жер қойнауында 5000 тонна алтын қоры бар. Бұл көрсеткіш оған Африка құрлығы бойынша жетекшілік етуге мүмкіндік береді.
Жылдам дамып келе жатқан экономикалы мемлекеттер арасында Индонезия, Перу және Бразилия ерекше бөлініп тұр. 3800 тонна алтын қоры бар Индонезия әлемдік рейтингте төртінші орынды алады.
Аталған елдер инвесторлар үшін өз портфелін әртараптандыруға және өндіру шығындары аз бағытта мүмкіндіктер қарастыруда үлкен қызығушылық тудырып отыр. Сонымен бірге, Перу мен Бразилия ұқсас көлемдегі қорларға ие: әрқайсысында 2400–2500 тонна алтын бар.
АҚШ пен Қытай сияқты әлемдік экономикалық алпауыттар да өндіріс көлеміне қарамастан, пайдаланылмаған алтын қорларын сақтап отыр – әрқайсысында шамамен 3000 тонна. Соңғы жылдары геологиялық барлау жұмыстары негізінен Африкаға бағытталған.
Гана, Мали және Танзания сияқты елдер әлемдік өндіру саласының жаңа назар аударарлық орталықтарына айналып, ірі жаңа кен орындарын ашуда үлкен әлеует көрсетуде.
Қазақстан алтын қоры бойынша нешінші орында?
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар