date

Саида Мирзияева Самарқандты зиярат етті

Саида Мирзияева Самарқандты зиярат етті
Саида Мирзиёева өзінің ресми Telegram-каналында Самарқандқа жасаған саяхатынан алған әсерлерімен бөлісті. Өзбекстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының айтуынша, кең ауқымды реставрация жұмыстары мен жаңа экспозицияларды жаңарту нәтижесінде Самарқанд қаласындағы ескерткіштер жаңа өмірге ие болған.

« Әмір Темірдің кесенесі, Ұлықбек және Тілләкори медреселері, Регистан алаңы өз дәуірінің шынайы іздерін ұқыптылықпен сақтай отырып, жаңа рухқа ие болды», — деп атап өтті Саида Мирзиёева. Сонымен қатар, Саида Мирзиёева жүздеген бірегей экспонаттармен, соның ішінде Мырза Ұлықбектің қолжазбалары мен түрлі тарихи архив құжаттарымен танысқан.

Әмір Темір тарихына арналған архивтік құжаттардың енді мультимедиялық форматта ұсынылып жатқаны ерекше атап өтілді. «Бұл жер — күш пен шабыт мекені», — деп түйіндеді сөзін Саида Мирзиёева.

Белгілі болғандай, алдағы күндері ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының қонақтары көне Самарқандты бағалау мүмкіндігіне ие болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Саида Мирзияева Самарқандты зиярат етті