
Англияның 'Астон Вилла' клубының шабуылшысы Джейдон Санчо қаңтар айында 'Манчестер Юнайтед' құрамына қайта оралады. Бұл туралы журналист Экрем Конур хабарлады.
Дереккөздерге сүйенсек, 'Астон Вилла' жаттықтырушылары 25 жастағы вингердің спорттық дайындығына риза емес. Футболшы командада тек бір рет негізгі құрамда алаңға шыққан.
Санчо биылғы жазғы трансфер терезесінде 'қызыл сайқымазақтардан' 'Астон Виллаға' жалға алынған еді. Осы уақыт ішінде ол 6 ойында қатысқан, бірақ бірде-бір нәтижелі әрекет жасай алмаған.
Санчомен 'Манчестер Юнайтед' арасындағы келісімшарт 2026 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметінше, футболшының трансферлік құны 25 миллион еуроны құрайды.
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз