
Walt Disney медиа корпорациясы OpenAI компаниясының акционерлік капиталына 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөледі. Олардың үш жылға созылатын ынтымақтастығы туралы тараптар өздерінің ресми сайттарында жариялады.
Компания ChatGPT чат-боты және Sora деп аталатын генеративті видео жасау моделін әзірлеп жатқан OpenAI-ден қосымша акцияларды сатып алу құқығын беретін варранттар (сертификаттар) алады. Сондай-ақ Disney Sora-ға Marvel, Pixar және Star Wars брендтеріне тиесілі 200-ден астам кейіпкерлерді пайдалануға рұқсат береді.
Бұл тізімге Микки Маус, Золушка, Симба, Лило және Стич кіреді. Disney Sora үшін контент лицензиялаудағы алғашқы ірі серіктес болмақ.
Келісімге сәйкес, Sora пайдаланушылардың сұранысына сай Disney студиясының анимациялық кейіпкерлері қатысатын видеоларды жасай алады. Осыған орай, Disney корпорациясы бұл видеоларды Disney+ платформасына интеграциялау құқығына ие болады.
Сонымен қатар келісім актерлердің сыртқы келбеті мен даусын пайдалануға қатысты емес — тек анимациялық бейнелермен шектеледі.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.