Ресейден 14 бала Отанына қайтарылды

Ресей Федерациясы аумағында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 14 кәмелетке толмаған бала Өзбекстанға қайтарылды. Бұл операция Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Президент жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылды.
Балалар Ташкенттегі Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежай арқылы жеткізіліп, уақытша Ташкент қалалық ІІБ жанындағы Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету орталығына орналастырылды.
Қажетті ресми процедуралардан кейін 13 бала ата-анасына тапсырылды. Тағы бір бала орталық қызметкерлерінің бақылауымен Әндіжан қаласына жіберіліп, анасына тапсырылды.
Балаларды әлеуметтік қолдап-қуаттау жұмыстарын олардың тұрғылықты жеріндегі "Инсон" әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жалғастырады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!