date

Бұрынғы Apple қызметкері қалай меме айналғанын айтып берді

Бұрынғы Apple қызметкері қалай мемге айналғанын айтып берді
2012 жылы Сем Ванкувердегі Apple дүкенінде жұмыс істеген және күтпеген жерден танымал болып кеткен, деп хабарлады Business Insider. Бұған оның есімі — Сам Сунг, Apple-дің басты бәсекелесі саналатын Samsung атауымен бірдей болғаны себеп болған.

Оның визиткасы суреттері әлеуметтік желілерде тарап, «Samsung Apple-де жұмыс істейді» деген әзілдер шыққан. Алғашында Сем оны жұмыстан шығарады деп ойлаған еді.

«Маған дүкеннен қоңырау шалатын, журналистер келетін, ал әріптестеріме мен туралы айтуға тыйым салынған болатын», дейді ол. Бір жыл өткен соң, ол Apple компаниясынан кетіп, бұл оқиғаны жақсы жаққа өзгертуді шешті — визиткасы мен Apple логотипі бар формасын аукционда сатып, 2,5 мың долларды қайырымдылыққа жұмсады.

Кейін ол өзінің тегін Шотландия ауылына құрмет ретінде Струан деп өзгертті. Оның айтуынша, бұл шешімді мем бейнесінен құтылу және жұмыс табуды жеңілдету үшін қабылдаған.

«Мен интернеттегі әзіл ретінде танылғым келмеді. Сонымен қатар, ағылшындандырылған есіммен жұмыс табу оңайырақ болды», дейді ол.

Қазіргі таңда ол кеңесші және түйіндеме жазушы ретінде жұмыс істеп жүр. Әлі күнге дейін адамдар оны кейде Сам Сунг деп атайды, бірақ ол өзгерістерге өкінбейді.

«Егер уақытты кері қайтара алсам, жай ғана күлер едім. Бірақ сол кезде қатты уайымдап, LinkedIn парақшамды өшірдім», дейді ол.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Бұрынғы Apple қызметкері қалай меме айналғанын айтып берді