date

Орталық Азияда бірыңғай көлік кеңістігі дамытылады


Ташкентте 12 қараша күні Орталық Азия елдерінің көлік министрлерінің үшінші жиналысы өтті. Жиын қорытындысында Ташкент коммюникесі қабылданды.

Іс-шарада CATRANS-2035 стратегиясының жобасы талқыланды. Бұл құжат заманауи, экологиялық және халықаралық сауда жолдарына интеграцияланған бірыңғай көлік кеңістігін құруға бағытталған.

Өзбекстанның көлік министрі Илҳом Махкамовтың айтуынша, осы құжат 2035 жылға дейінгі серіктестіктің стратегиялық бағыттарын айқындайтын болады. Онда үш негізгі бағыт - инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және аймақ елдері арасындағы қозғалыстарды үйлестіру мәселелері қамтылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Орталық Азияда бірыңғай көлік кеңістігі дамытылады