date

Махаллалар инфрақұрылымына 3,4 трлн сом бағытталады

Махаллалар инфрақұрылымына 3,4 трлн сом бағытталады

Өзбекстанда 2026 жылдан бастап махаллалар инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен тыс қорлар қаражатынан 3,4 трлн сом бағытталады. Әділет министрлігі бұл туралы мемлекет басшысының шешіміне сүйене отырып хабарлады. Бағдарлама 2028 жылға дейін жоспарланған. Бұл туралы kursiv.uz жазды.хабарлайды.

Бөлінетін қаражат махаллаларда құрылыс жұмыстарына, реконструкция және жаңғыртуға жұмсалады. Құжатта жобалау және құрылыс үдерістеріне «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ жаңа нысандардың энергия тиімділігін арттыру басым бағыт ретінде белгіленген.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап құны 6 000 БХМ-нан жоғары, бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдардың барлық құрылыс және жөндеу жобалары тек 2028 жылға дейінгі осы бағдарлама аясында жүзеге асырылады.

Кәсіптік білім беру жүйесіне де ерекше көңіл бөлінген: техникум ғимараттарын салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарына 150 млрд сом бөлу жоспарланған.

Бағдарлама жобаларға қойылатын міндетті талаптарды да белгілейді. Энергия үнемдейтін шешімдер, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және экологиялық таза құрылыс материалдары қарастырылмаған құжаттар сараптамаға енгізілмейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Махаллалар инфрақұрылымына 3,4 трлн сом бағытталады