date

Әкімдіктер аялдамаларды абаттандыруға жауапты болады

Әкімдіктер аялдамаларды абаттандыруға жауапты болады

Өзбекстанда әкімдіктерге қоғамдық көлік аялдамалары мен диспетчерлік пункттерді орналастыру және оларды абаттандыру бойынша жауапкершілік жүктелді. Сондай-ақ олар халыққа көлік қызметін көрсету жөнінде шарттар жасасуы, тасымал сапасына бақылау орнатуы және қозғалысты ұйымдастыру жоспарларын әзірлеуі тиіс екені белгіленді. Бұл туралы kursiv.uz хабарлайдыхабарбереді.

Заңға сәйкес, жергілікті өкілді органдар аумақтарда автокөлікті дамыту бағдарламаларын бекітеді және олардың орындалуын бақылап отырады. Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігіне қатысты шығындар, соның ішінде өртке қарсы қызметтерді ұстау бойынша жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуын келісу өкілеттігі де осы органдарға жүктелді.

Құжат ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Әкімдіктер аялдамаларды абаттандыруға жауапты болады