
Франция Лига 1-дің 9-турында "Лион" мен "Страсбург" арасындағы ойын жеңіс пен драмалық оқиғаларға толы болды. Ойынның 25-минутында қонақ команда шабуылында Гела Дуенинг пасынан кейін Хоакин Паничелли баспен гол соқты да, есеп 1:0 болды.
Көп ұзамай "Лион" қарсы шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде қарсылас қорғаушысы Исмаил Дукуре өз қақпасына гол соғып, есепті 1:1-ге теңестірді.
Бірінші тайм соңында "Лион" футболшысы Корентен Толиссо Валентин Барко тарапынан айып алаңында құлатылып, төреші пенальти белгіледі. Алайда Толиссоның соққысын қақпашы қайтарып, есеп өзгеріссіз қалды.
Екінші таймның 67-минутында "Страсбург" футболшысы Исмаил Дукуре қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін "Лион" ойынды өз бақылауына алып, 90-минутта Муссо Някәтің пасынан кейін Афонсо Морейра әдемі гол соғып, командасына 2:1 есебімен жеңіс сыйлады.
Осы жеңістен кейін "Лион" 3-орынға көтеріліп, көшбасшыдан 2 ұпайға ғана қалып тұр. "Страсбург" болса 7-орында қалды.
Лион соңғы минуттарда Страсбурды жеңді
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз