
«Ювентус» командасы сәтсіздіктер сериясын жалғастырды. Жексенбі күні өткен А Серия матчында туриндік ұжым Римнің «Лацио» командасынан минималды есеппен жеңілді.
Кездесудің тағдырын Том Башичтің 9-минутта соққан голы шешті. «Ювентус» қатарынан сегізінші ойында жеңіске жете алмады.
Сондай-ақ, Opta деректеріне сүйенген «Газета.Ru» ақпарына сәйкес, Игор Тудор басқарып отырған команда қатарынан төрт ойында гол соға алмады. Бұл жағдай соңғы рет 1991 жылы, Луиджи Майфреди бас бапкер болған тұста тіркелген еді.
Қазіргі уақытта «Ювентус» Италия чемпионатының турнир кестесінде 8-орынға жайғасып отыр. Команда 8 турдан кейін 12 ұпай жинаған.
29 қазан, сәрсенбі күні «Бьянконери» өз алаңында «Удинезе» командасын қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар