date

Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында

Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аяқталуға жақын: командалардың алдында бар болғаны бір тур қалды. Жеті ойын аптасынан кейін WhoScored статистикалық порталының үздік футболшылар рейтингінде Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе көш бастап тұр. Француз футболшысы сұрмергендер жарысында да 11 голмен алда келеді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Орташа бағалар бойынша екінші орынды «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейн иеленген. Үздік үштікті Кейннің командаласы Майкл Олисе түйіндеп тұр. «Атлетико» өкілі Хулиан Альварес төртінші, ал «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи бесінші сатыға жайғасқан.

6–10-орындарға Виктор Осимхен («Галатасарай»), Ламин Ямаль («Барселона»), Йенс Хауге («Будё-Глимт»), Хвича Кварацхелия («ПСЖ») және «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа орналасты.

Соңғы тур матчтары 28 қаңтар күні өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында