date

Өзгидромет 25–26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Өзгидромет 25–26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Өзбекстанда ағымдағы жылдың 25 және 26 сәуір күндері жауын-шашынсыз ауа райы болады. Бұл туралы Өзгидромет хабарлады.

Мәліметке сәйкес, демалыс күндері республика аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Тек 25 сәуір – сенбі күні Қарақалпақстан Республикасының солтүстігінде және Ферғана аңғарында кей жерлерде, сондай-ақ 26 сәуір – жексенбі күні Ташкент облысында кей жерлерде аздаған қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Сенбі күні күндіз ауа температурасы 28-31 градусқа дейін, солтүстікте, оңтүстікте және шөлді аймақтарда 32-35 градусқа дейін көтеріледі. Жексенбі күні облыстардың басым бөлігінде ауа температурасы осы деңгейде сақталады. Тек Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында күндізгі температура 20-23 градусқа дейін, ал Бұхара және Науаи облыстарында 25-28 градусқа дейін төмендейді.

24-25 сәуір күндері солтүстікте және шөлді аймақтарда, 26 сәуірде республика бойынша кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кейбір аймақтарда шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Ташкентте сенбі күні жауын-шашын күтілмейді. Жексенбі күні күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал, желдің жылдамдығы 10-12 м/с-қа дейін күшейеді. Демалыс күндері ауа температурасы 27-30 градус шамасында болады. Түнде температура негізінен 14-17 градусты құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзгидромет 25–26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады