Ай үлгілерінен тағы екі жаңа минерал анықталды

Қытай зерттеушілері Ай бетінен әкелінген үлгілер құрамынан бұрын ғылымға беймәлім екі жаңа минералды анықтады. Бұл жаңалық Ченду қаласында өткен 11-Қытай Ғарыш күнінің ашылу салтанатында ресми түрде жарияланды.
Хабарланғандай, Chang’e-5 ғарыш аппараты арқылы Жерге әкелінген тас және топырақ үлгілерінен фосфат тобына жататын жаңа минералдар табылған. Оларға магнийчангизит-(Y) және чангизит-(Se) деп атау берілді.
Бұл бірегей заттар Халықаралық минералогия ассоциациясы жанындағы Жаңа минералдар жөніндегі комиссиямен бекітіліп, ресми жіктеуге енгізілген.
Мамандар пікірінше, бұл жаңалық Ай геологиясын және оның құрамын тереңірек зерттеуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін Айдан анықталған минералдар саны 8-ге жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Қытай 2020 жылы Chang’e-5 аппаратын Айға жіберіп, оның көмегімен 1,73 килограмм топырақ және тас үлгілерін Жерге әкелген болатын. Осы үлгілер негізінде бірқатар жаңа ғылыми жаңалықтар жасалуда.
