date

Арне Слот Исактың толық айығуы үшін уақыт қажет екенін мәлімдеді

Арне Слот Исактың толық айығуы үшін уақыт керек екенін мәлімдедіАрне Слот Исактың толық айығуы үшін уақыт керек екенін мәлімдеді

«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот команданың рекордтық бағаға сатып алынған ойыншысы Александр Исактың физикалық жағдайы мен спорттық формасына тоқталды. Өткен жылдың тамыз айында «Ньюкаслдан» 125 миллион фунт стерлингке трансфер жасалған 26 жастағы швециялық шабуылшы жарақаттарына байланысты Мерсисайдтағы дебюттік маусымын көңілдегідей өткізе алмады. Атап айтқанда, аяғы сынғандықтан төрт ай бойы алаңға шыға алмаған футболшы биылғы маусымда небәрі үш гол соға алды. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Слоттың айтуынша, Исак қазірше өзінің ең жоғарғы мүмкіндіктері деңгейінде емес, керісінше физикалық тұрғыдан қалыпқа келу процесінен өтіп жатыр. Бапкер шабуылшы өзінің нақты деңгейіне көтерілуі үшін алты апталық толық маусымалды дайындық жаттығулары қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол футболшының халықаралық турнирлерге қатысуы оның ойын ырғағын табуына көмектесуі мүмкін екенін білдірді.


Сонымен қатар, бапкер команданың басты жұлдызы Мұхаммед Салахтың тиімділігі төмендегеніне қатысты да пікір білдірді. Салах биылғы маусымда Премьер-лигада небәрі жеті рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Слоттың сөзіне қарағанда, шабуылшылардың гол соғу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда азайғанымен, бұл уақытша жағдай және жуық арада ахуал оң жағына қарай өзгереді.

Сенбі күні «Ливерпуль» өз алаңынды «Кристал Пэласты» қабылдайды. Командада кадрлық мәселелер өте күрделі: 11 футболшыға дейін кездесуге қатыса алмауы мүмкін. Қақпашылар Алиссон Бекер мен Георгий Мамардашвили жарақат алғандықтан, негізгі құрамда үшінші нөмірлі голкипер Фредди Вудмен алаңға шығады деп күтілуде. Исак та ойын тізіміне енеді, бірақ ол әлі толық 90 минут бойы өнер көрсетуге дайын емес.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Арне Слот Исактың толық айығуы үшін уақыт қажет екенін мәлімдеді