Инсинье қайтадан «Наполи» сапына оралуы мүмкін

Италиялық қанат шабуылшысы Лоренцо Инсиньенің қызметі қайтадан «Наполи» клубына ұсынылды. Бұл туралы инсайдер Николо Скира хабарлады. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Дереккөзге сүйенсек, 34 жастағы футболшы неапольдіктермен 6 айлық қысқа мерзімді келісімшартқа қол қоюға дайын, келісімде тағы бір жылға ұзарту тармағы да болуы мүмкін. Айтылғандай, Инсинье «Наполи»ге оралу үшін жалақы мәселесінде де ымыраға келуге келісіп отыр.
Инсинье — «Наполи» академиясының түлегі, негізгі командада 2010–2022 жылдары доп тепті. Одан кейін ол Канаданың «Торонто» клубында үш жыл ойнады. Өткен жаздан бері футболшы еркін агент мәртебесінде, алайда бабын сақтап тұру үшін жұмыс істеп жүр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз