date

Apple Pay және Google Pay Өзбекстанда іске қосылады


Apple Pay және Google Pay төлем жүйелерін Өзбекстанда іске қосу жоспарлануда. Бұл бастама Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің АҚШ бизнес өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды.

Төлем жүйелерін ел аумағында енгізу Google және басқа технологиялық компаниялармен бірлесе жүзеге асырылуда. Республика бойынша Цифрлық академия және стартап орталықтар желісін құру жұмыстары жүргізілуде.

Кездесуде, сондай-ақ, уран өндіру және сирек кездесетін жер металдарын қайта өңдеу бойынша алдағы жобалар талқыланды. Осы салаларға АҚШ технологияларын енгізу жоспарланған.

Жобаларды жүзеге асыру және ілгерілетуге DFC корпорациясы мен АҚШ Эксимбанкі тартылады. Бұдан бөлек, Өзбекстан мен АҚШ арасында энергетика, логистика және көлік инфрақұрылымы салаларында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері қарастырылуда.

Apple Pay — Apple корпорациясы жасаған мобильді төлем жүйесі және электронды әмиян, ол 2014 жылдың қазан айында іске қосылған. Google Pay болса Google корпорациясы тарапынан 2015 жылы пайдаланушыларға ұсынылып, 2015 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың ақпанына дейін Android Pay атауымен жұмыс істеген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Apple Pay және Google Pay Өзбекстанда іске қосылады