Францияда "ПСЖ" ойыншысы Дембеле жыл спортшысы атанды

Францияда 2025 жылғы қорытынды бойынша елдің ең үздік спортшысы анықталды. Lequipe журналисшілері хабарлағандай, дауыс беру нәтижесінде бірінші орынды "ПСЖ" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Усман Дембеле иеленді.
Париж клубының тағы бір футболшысы, жартылай қорғаушы Дезире Дуэ де үздік он француз спортшысы қатарынан орын алды. Қызығы, Франция құрамасы мен Мадридтің "Реал" клубының жұлдызы Килиан Мбаппе үздік ондыққа кірмей қалған.
2025 жылы Дембеле "Алтын доп" иегері атанды. Ол "ПСЖ" клубымен бірге Франция чемпионаты мен УЕФА Чемпиондар Лигасында жеңіске жетті.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз