date

Audi Қытай нарығы үшін 543 ат күшіне ие A6L e-tron моделін таныстырды

Audi Қытай нарығы үшін 543 ат күші бар A6L e-tron моделін таныстырды

Германияның "Audi" компаниясы Бейжің автосалонында тек Қытай нарығына арналған A6L e-tron электр седанын таныстырды. "Audi FAW" бірлескен кәсіпорны шығаратын бұл модель танымал A6L сериясының толық электрлендірілген жалғасы болып саналады.

Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Жаңа электромобильдің басты ерекшелігі — оның доңғалақ базасының кәдімгі модельмен салыстырғанда 132 мм-ге ұзарғаны. Бұл өзгеріс артқы орындықтағы жолаушылар үшін қосымша жайлылық жасайды.


Кузов дизайнында ұзындау артқы есіктер мен өзгертілген төбе сызығы көзге түседі, ал аэродинамикалық кедергі коэффициенті 0,22-ні құрайды.

Техникалық тұрғыдан ең қуатты нұсқа 543 ат күші және 779 Nm айналу моменті бар екі электр қозғалтқышымен жабдықталған. Автомобиль 100 км/сағат жылдамдыққа 4,3 секундта жетеді.


107 kVt/сағ сыйымдылықтағы аккумулятор CLTC циклі бойынша бір рет қуаттағанда 815 км қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді.

Электромобиль 800 вольттық платформада жасалған және жылдам қуаттандыру жүйесін қолдайды. Соның арқасында энергия қорын 21 минут ішінде 10 пайыздан 80 пайызға дейін толтыруға болады.

Салонда 11,9 дюймдік цифрлық панель, 14,5 дюймдік мультимедиа экраны және алдыңғы жолаушыға арналған бөлек дисплей орнатылған.

Қытай нарығында жаңа модельдің бағасы 310 мыңнан 440 мың юаньға дейін (шамамен 3,4–4,85 млн рубль) белгіленген. Автомобиль сондай-ақ цифрлық бүйір айналармен, массаж функциясы бар орындықтармен және "Bang & Olufsen" акустикалық жүйесімен жабдықталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Audi Қытай нарығы үшін 543 ат күшіне ие A6L e-tron моделін таныстырды