date

Германияда ғимараттарға бейімделетін ShadeCut күн панельдері таныстырылды

Германияда биноларға бейімделетін ShadeCut күн панельдері таныстырылды

Германияның Fraunhofer күн энергетикасы жүйелері институты (Fraunhofer ISE) мамандары ShadeCut технологиясын таныстырды. Бұл әзірлеме күн панельдерін бөлек техникалық құрал емес, керісінше, ғимараттың ажырамас бөлігі ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Жаңа әдістің көмегімен күн модульдерінің бетіне күрделі визуалдық өрнектерді, соның ішінде кірпіш қалау немесе черепица көрінісін түсіруге болады. Бұл ретте панельдердің энергия тиімділігі жоғары деңгейде сақталады.

ShadeCut технологиясы жарықты басқаратын микроструктураларға негізделген MorphoColor жүйесі арқылы жұмыс істейді. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндай панельдер қарапайым модульдерге қарағанда 95 пайыз қуатты сақтап қалады.

Бұл технология әсіресе тарихи ғимараттар, қасбеттер мен шатырлар үшін өте қолайлы. Эстетикалық көрініс маңызды болатын жобаларда ShadeCut панельдері ғимараттың жалпы дизайнына толықтай бейімделеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Германияда ғимараттарға бейімделетін ShadeCut күн панельдері таныстырылды