date

Wildberries Өзбекстанда WB Taxi қызметін іске қосады

Wildberries Өзбекстанда WB Taxi қызметін іске қосады
Ресейдің Wildberries сауда платформасы Өзбекстанда WB Taxi қызметін техникалық сынақ ретінде іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Kursiv Uzbekistan басылымы хабарлады.

Компания өкілдерінің айтуынша, алғашқы кезеңде қызмет "жабық клуб" форматында жұмыс істейді. Бұл басқарылатын бастапқы кезеңді қамтамасыз етіп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Алдымен қызметті сауда платформасының қызметкерлері мен серіктестері сынап көреді. Сондай-ақ, болашақ жолаушылар үшін қолайлы тарифтер, шұғыл жететін автомобильдер және "арбуз" деп аталатын онлайн-валютада 50 пайыздық кешбэк ұсынылады.

"Жабық клуб форматы бізге қызметті дамыту мәселелеріне барынша назар аударуға мүмкіндік береді. Өнімді кезең-кезеңімен іске қосамыз және жүйенің барлық элементтерін мұқият қадағалаймыз.

Клуб қатысушыларының пікірлері қызметті жақсарту және кеңейтуге дайындық жасау кезінде бізге көмек көрсетеді", — деді WB Taxi басшысы Анатолий Сморгонский. WB Taxi жүргізушілерге де қолайлы жағдайлар уәде етіп отыр: төмен комиссиялар және қызмет шарттары орындалған жағдайда ауысым үшін кепілдендірілген табыс.

Келесі кезеңде WB Taxi қызмет аймақтарын кеңейтіп, қызметті барлық пайдаланушыларға ашуды жоспарлап отыр. Еске салайық, жаз маусымында Wildberries-тің Өзбекстандағы еншілес компаниясы WB Taxi компаниясын тіркеген болатын.

Осындай қызмет қазіргі уақытта Беларусь елінде сынақтан өткізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Wildberries Өзбекстанда WB Taxi қызметін іске қосады