date

Зейнеткерлер қатаң түрде ескертілді

Зейнеткерлер қатаң түрде ескертілді

Қазіргі күндері телефон арқылы зейнет жасындағы азаматтарға бейтаныс нөмірлерден қоңырау шалынып, олардың зейнетақылары келесі айдан бастап өсірілетінін айтып, пластик карта немесе төлқұжат мәліметтерін сұрау жағдайлары көбейіп отыр. Бұл туралы Зейнетақы қоры ресми ескерту жасады.

Хабарда айтылғандай, алаяқтар өздерін банк немесе Зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырып жүр. Олар азаматтарға: “Зейнетақыңыз келесі айдан бастап көтеріледі. Ол үшін мәліметтеріңізді және телефоныңызға келген кодты айтсаңыз, зейнетақыңыз картаңызға түседі. Әйтпесе өспей қалады”, — деген мазмұнда өтірік айтып, зейнеткерлердің сеніміне кіруге тырысуда.

Зейнетақы қоры маңызды жайтты еске салды: қор қызметкерлері ешқашан қоңырау шалып, жеке мәліметтерді немесе телефонға келген кодтарды талап етпейді.

Сондықтан бөгде адамдарға төлқұжат, пластик карта немесе ЖШШИР (ПИНФЛ) нөмірі сияқты жеке деректерді мүлде бермеу керек. Осындай күмәнді қоңырауларға тап болсаңыз, 1271 — Зейнетақы қорының сенім телефонына немесе 102 — Ішкі істер органдарының нөміріне хабарласу қажет.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Зейнеткерлер қатаң түрде ескертілді