Өзбекстанда аномальды ыстықтың қашан басылатыны ресми мәлімделді

Өзбекстанда байқалып отырған аномальды ыстық ауа райы тағы бірнеше күнге созылады. «Өзгидромет» мәліметінше, ел бойынша ауа температурасы 21 шілдеден бастап біртіндеп төмендейді деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, жұма және демалыс күндері ыстық одан әрі күшейеді. Республика аумағының басым бөлігінде күндіз ауа температурасы 42–45 градусқа, ал оңтүстік және шөлді аймақтарда 46–48 градусқа дейін көтеріледі.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Кей жерлерде жел секундына 15–18 метрге дейін күшеюі, ал солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарда секундына 20–22 метрге дейін жетіп, шаңды дауылдар болуы мүмкін.
20 шілдеде республика аумағының басым бөлігінде экстремалды ыстық сақталады. Тек солтүстік-батыс облыстарда ауа температурасы төмендей бастайды.
Ал 21 шілдеден бастап бүкіл ел бойынша ауа салқындай бастайды. Мамандардың мәліметінше, күндізгі ауа температурасы 6–9 градусқа төмендейді деп болжануда.
Ташкент қаласында да негізінен бұлт аз ауа райы сақталады. Жұма күні ауа температурасы 41–43 градус, сенбі және жексенбі күндері 43–45 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Түнде ауа температурасы 25–28 градус шамасында болады.
Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында мүмкіндігінше далада ұзақ жүрмеуді, сұйықтықты көбірек ішуді және күн сәулесінен сақтануды ұсынады.












Пікірлер 0
…