date

Қаңтарда автобустарда билетсіз жүрген жолаушылардың саны ресми түрде айтылды

Қаңтарда автобустарда билетсіз жүрген жолаушылардың саны ресми түрде айтылды

2026 жылдың январь айында қоғамдық көлікте жол ақысын төлемей жүрген жолаушыларға қатысты 11 502 хаттама толтырылған. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.

Ай ішінде автобустарда билетсіз жүру жағдайларын анықтау мақсатында арнайы бақылау және рейд шаралары күшейтілген түрде ұйымдастырылғаны атап өтілді. Нәтижесінде, 2026 жылдың январь айы ішінде автобустарда жол ақысын төлемеген 11 502 жолаушыға қатысты тиісті тәртіпте әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Оларға Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 144-бабының 5-бөлігіне сәйкес - яғни көлік құралында билетсіз жүргені үшін белгіленген айыппұл шаралары қолданылды.

Министрлік ақпаратында айтылғандай, қоғамдық көлік жүйесінің тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуі тікелей жолақыдан түсетін қаржыға байланысты. Әрбір жолаушының белгіленген тәртіпте және уақтылы жол ақысын төлеуі автобустар қозғалысының тұрақтылығын, қызмет көрсету сапасын және жолаушыларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Қаңтарда автобустарда билетсіз жүрген жолаушылардың саны ресми түрде айтылды