date

Бірқатар аумақтарда сел жүруі мүмкін

Бірқатар аумақтарда сел жүруі мүмкін

21 февраль күні күтілетін жаңбырлар салдарынан республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында сел-су тасқыны болуы мүмкін. Сондай-ақ Қашқадария, Сұрхандария, Самарқант, Науаи, Жызақ, Ташкент, Наманган, Ферғана және Әндіжан облыстарының бірқатар аудандары мен кейбір қалаларына сел қаупі бар екені айтылуда.

Осыған байланысты тау бөктеріндегі және таулы аймақтарда тұратын азаматтардан, демалушылар мен жүргізушілерден сақтық шараларын қолдану сұралады.

Ташкент облысы бойынша қауіп жоғары деп бағаланған аумақтар: Ахангаран, Бостандық, Паркент, Піскент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандары және Ангрен, Алмалық қалалары.

Кейбір аймақтарда жаңбыр суы жиналып, су басу жағдайлары байқалуы мүмкін. Сондықтан ауа райы күрт өзгеруі мүмкін күндері жолға шыққанда да, демалуға шыққанда да ерекше сақтық шараларын сақтау маңызды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Бірқатар аумақтарда сел жүруі мүмкін