date

"Янги Ўзбекистон бунёдкорлари" төсбелгісі кімдерге беріледі?

"Янги Ўзбекистон бунёдкорлари" төсбелгісі кімдерге беріледі?

Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті "Янги Ўзбекистон бунёдкорлари" төсбелгісін бекіту туралы қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, төсбелгі жаңа Өзбекстанды құру жолында белсенді азаматтық ұстанымын, отансүйгіштік пен жанқиярлық танытып, елдің дамуы мен халықаралық беделін арттыруға лайықты үлес қосып жүрген азаматтарға беріледі.

Кандидаттар төмендегі санаттар арасынан қалыптастырылады:

- "Эл-юрт умиди" қорының стипендиаттары;

- мектептер мен Президенттік мектептердің оқушылары;

- "Янги Ўзбекистон" университетінің түлектері;

- "Президент иқтидорли фарзандлари" бастамасына қатысушылар;

- "Иқтидорли ёшларни қўллаб-қувватлаш" қауымдастығы арқылы біріккен дарынды отандастар.

Марапатталушылар тізімін қалыптастыру жұмыстарын Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі ұйымдастырады. Сондай-ақ, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар да Сыртқы істер министрлігімен келісе отырып, төсбелгімен марапатталуы мүмкін.

Кеуде белгісі жыл сайын қауымдастық құрылтайында тапсырылады және бір адамға бір рет қана беріледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » "Янги Ўзбекистон бунёдкорлари" төсбелгісі кімдерге беріледі?