Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ташкентте орналасқан Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығы "Ең ірі ислам өркениеті мұражайы" номинациясы бойынша ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Хазіреті Имам кешенінің аумағында салынған бұл орталық 10 гектар аумақты алып жатыр. Ғимараттың ұзындығы 161 метр, ені 118 метр, күмбезінің биіктігі 65 метр, ал бөлмелерінің жалпы ауданы 50 мың шаршы метрге жуық. Дәл осы көрсеткіштер оны әлемдегі ең ірі ислам өркениеті мұражайларының біріне айналдырды.
Гиннестің рекордтар кітабына енгенін растайтын сертификатты ұйымның өкілі Шейда Субашы (Şeyda Subaşı) салтанатты түрде табыс етті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз