date

«Жаңа буын кәсіпкерлері» бағдарламасы іске қосылады

«Жаңа буын кәсіпкерлері» бағдарламасы іске қосылады

“Жаңа буын кәсіпкерлері” бағдарламасы іске қосылады

2026 жылғы 20 сәуірде қабылданған жаңа қаулыға сәйкес «Жаңа буын кәсіпкерлері» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Uza.uz. Аталған бағдарлама «Жаңа Өзбекстан жастары – 2030» стратегиясы аясында жүзеге асырылып, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында 2030 жылға дейін 20 мың жас кәсіпкерлікке оқытылады. Олар жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен арнайы оқудан өтеді. Сондай-ақ, жеке сектормен ынтымақтастық орнатылып, практикалық бизнес дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Тренингтер бизнес-жоба құру, нарыққа шығу және оны кеңейту сияқты бағыттарды қамтиды.

Бағдарлама соңында тест сынақтары өткізіліп, ең жоғары нәтиже көрсеткен 1 мың жасқа сертификат беріледі. Осы сертификат негізінде оларға 3 жылға дейінгі мерзімге, 6 айлық жеңілдік кезеңімен және Орталық банк ставкасының 50 пайызы бойынша кредиттер бөлінеді. Сонымен қатар, жаңа фермерлік қожалықтар мен инфрақұрылым шығындарын да мемлекет ішінара өтейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » «Жаңа буын кәсіпкерлері» бағдарламасы іске қосылады