date

Өзбекстан Сенаты есірткіге қатысты жазаларды қатаңдатты

Өзбекстан Сенаты есірткіге қатысты жазаларды қатаңдатты

Олий Мажлис Сенатының 15-ші жалпы отырысында есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң талқыланды. Жаңа Өзбекстанда халықтың денсаулығын қорғау және ұлт генофондын сақтау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Бұл туралы Uzdaily.uz хабар береді.

Заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстерге өзгерістер енгізілуде. Атап айтқанда, «заңсыз наркозертхана» ұйымдастырғаны және оның қызметін қамтамасыз еткені үшін жеке қылмыстық жауапкершілік белгіленуде. Сондай-ақ, есірткі құралдарын интернет желісі арқылы тарату және насихаттау ауырлататын мән-жай ретінде заңнамаға енгізілуде.

Жастарды бұл кеселден қорғау мақсатында білім беру мекемелері, лагерьлер мен жатақханаларға іргелес аумақтарда жасалған есірткі қылмыстары үшін жаза шаралары одан әрі қатаңдатылуда. Есірткі қылмысының аса ауыр түрлерін жасаған тұлғаларға қатысты жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату тәртібі қолданылмайды.

Сенат мүшелерінің пікірінше, бұл заң құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттыруға және «есірткісіз орта» құруға қызмет етеді. Талқылау соңында сенаторлар заңды мақұлдады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан Сенаты есірткіге қатысты жазаларды қатаңдатты