Өзбекстан Сенаты сотқа жүгіну тәртібін жеңілдетті

Олий Мажлис Сенатының кезекті жалпы отырысында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін сотқа жүгінуді жеңілдетуге бағытталған заң талқыланды. Бұл құжат Қылмыстық-процессуалдық, Экономикалық процессуалдық, Әкімшілік жауапкершілік туралы және Әкімшілік сот ісін жүргізу туралы кодекстерге маңызды өзгерістерді көздейді. Бұл туралы Uzdaily.uz хабар береді.
Заңдағы ең басты жаңалықтардың бірі — экстерриториалдық сот ісін жүргізу тәртібінің енгізілуі. Енді азаматтар мен кәсіпкерлер өздері қалаған аймақтағы тиісті сотқа жүгіну мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, әкімшілік соттарда «алдын ала тыңдау» институты енгізіліп, бұл сот істерін қарау сапасын арттыруға қызмет етеді.
Құжатта мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, мемлекеттік орган лауазымды тұлғасының сот отырысына қатысуы міндетті деп белгіленуде. Бұдан бөлек, «сенімді құқықтық қорғау» қағидаты бекітілуде: енді мемлекеттік органның қателігі үшін кәсіпкер емес, сол органның өзі жауап береді.
Экономикалық соттар жүйесі де оңтайландырылып, аудандық (қалалық) экономикалық соттардың орнына ауданаралық экономикалық соттар құрылуда. Сенат мүшелерінің атап өтуінше, бұл заң инвестициялық ортаны жақсартуға, сыбайлас жемқорлық факторларын азайтуға және адам қадір-қасиетін ұлықтауға қызмет етеді. Заң сенаторлар тарапынан мақұлданды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!