date

Зеленский Трамп пен Путин саммитіне қатысуға дайын

Зеленский Трамп пен Путин саммитіне қатысуға дайын

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Будапештте өтетін кездесуіне қосылуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазды NBC News.

Журналистің "Сіз саммитке қатысуға дайынсыз ба?" деген сұрағына Зеленский былай деп жауап берді:

"Мен дайынмын. Мен бұл туралы АҚШ президентіне Ақ үйдегі кездесуімізде де айттым. Мен кез келген форматта қатысуға дайынмын."

Оның айтуынша, Украинасыз ешқандай шынайы бейбітшілік келісімі мүмкін емес.

"Әділ және тұрақты бейбітшілік үшін екі тарап та қажет. Бізсіз қандай келісім болуы мүмкін?" - деді Зеленский.

Президентке Ресеймен соғысты тоқтату үшін Украина аумағының бір бөлігінен бас тартуға бола ма деген сұрақ та қойылды. Зеленскийдің жауабы қатаң болды:

"Егер соғысты дереу тоқтатқымыз келсе, тұрған жерімізде қалуымыз керек. Путинге ешқандай артықшылық немесе аумақ берілмейді."

Украина басшысы сұхбат барысында майдандағы жағдайға да тоқталды. Оның айтуынша, Украина соғыста жеңіліп жатқан жоқ, бірақ Ресей де жеңіске жете алмай отыр. Сондықтан соңғы апталарда Мәскеу бейбіт тұрғындарға қарсы әуе шабуылдарын күшейтті.

"Путин қыста Украинада энергетикалық дағдарыс тудырғысы келеді. Сондықтан ол әуе шабуылдарын күшейтуде," - деді Зеленский.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің айтуынша, Вашингтон Зеленскийдің Будапештте өтетін кездесуге қатысуын қолдайды.

17 октябрьде Трамп Вашингтонда Зеленскиймен кездесу өткізді. АҚШ президентінің айтуынша, Украина басшысы саммитке келмеуі мүмкін, бірақ олар "үнемі байланыста болады."

Осылайша, Киев пен Вашингтон арасындағы дипломатиялық белсенділік одан әрі күшейіп келеді - Зеленскийдің бейбітшілік келіссөздеріне дайындығы жанжалды саяси жолмен шешу жолындағы маңызды қадам ретінде бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Зеленский Трамп пен Путин саммитіне қатысуға дайын