Ұйқыға кетер алдында неге кенеттен селк етіп оянып кетеміз?

Ұйқыға кетер алдында неге кенеттен селк етіп оянып кетеміз?

Көпшілікте мынадай жағдай кездеседі: енді ғана ұйқыға кетіп бара жатқаныңызда денеңіз кенеттен селк етіп, өзіңіз де шошып оянып кетесіз. Кейде тіпті биіктен құлап бара жатқандай сезім пайда болады. Сонымен, бұл не себептен болады?

Шын мәнінде, бұл құбылыстың ғылыми атауы бар — гипникалық селкілдеу. Ол адам ұйқыға кетіп бара жатқан сәтте бұлшықеттердің еріксіз және кенеттен жиырылуы нәтижесінде туындайды.

Ұйқы басталғанда ағза біртіндеп босаңсиды, тыныс алу мен жүрек соғысы сәл баяулайды. Дәл осы процесте кейде бұлшықеттер күтпеген жерден жиырылып, адамның шошып оянуына себеп болады.

Қызығы сол, мұндай сәтте адам өзін баспалдақтан сүрініп кеткендей немесе биік жерден құлап бара жатқандай сезінуі мүмкін. Бұл жағдай кейде түстермен немесе түрлі елестермен де қатар жүреді.

Ғалымдар әзірге гипникалық селкілдеудің нақты себебін толық анықтаған жоқ. Алайда кейбір факторлар оның туындау ықтималдығын арттыруы мүмкін. Атап айтқанда:

  • шамадан тыс шаршау;

  • жүйке жүйесінің тозуы және стресс;

  • ұйқының қанбауы;

  • құрамында кофеині бар сусындарды көп тұтыну.

Бұл жағдай қауіпті ме?

Әдетте, гипникалық селкілдеу қауіпті деп саналмайды және көпшілікте кездесетін табиғи құбылыстардың бірі болып табылады. Сол себепті, мезгіл-мезгіл қайталанып тұрса, артық уайымдаудың қажеті жоқ.

Алайда селкілдеу жиі қайталанып, ұйқы сапасына айтарлықтай әсер етсе немесе басқа да ерекше белгілермен қатар жүрсе, дәрігерге көріну ұсынылады.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар