date

Луврді тонағандар қолға түсті


Францияда Лувр музейін тонауға күдікті деп танылған адамдар ұсталды, деп хабарлайды Reuters. Олардың бірі Шарль де Голль әуежайында, Алжирге ұшып кетпек болғанда қолға түскен.

Париж маңындағы Сена-Сен-Дени аймағынан шыққан екі ер адам 26 қазан күні кешке тұтқындалған. Алайда ұрланған зергерлік бұйымдар әлі табылған жоқ.

Париж прокуроры Лор Бекко тұтқындау туралы деректердің жария болуын айыптады. Ол бұл жағдай тергеуді қиындатып жатқанын атап өтті.

Тергеуге жүзге жуық тергеуші қатысып жатыр. Ішкі істер министрі Лоран Нуньес полицияның жұмысын жоғары бағалады, бірақ егжей-тегжейін айтудан бас тартты.

Оқиға 19 қазан күні болған. Төрт бетперде киген адам XIX ғасырға тиесілі жалпы құны 102 миллион доллар болатын сегіз зергерлік бұйымды алып кеткен.

Ұрланған бұйымдардың қатарында патшайым Мари-Амелия мен император әйелі Евгенияның алтын тәждері және сырғалары бар еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Луврді тонағандар қолға түсті