
Bloomberg агенттігінің талдаушылары Nvidia акцияларын АҚШ қор нарығындағы ең әсерлі акциялардың бірі деп бағалады. Компания бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты — бірінші рет оның нарықтық құны 5 триллион долларға жетті. 
Енді Nvidia-ның жалпы құны S&P 500 индексіндегі 11 сектордың 6-уының жалпы капитализациясынан да жоғары, сондай-ақ көпшілік мемлекеттердің қор нарықтарынан асып түсті. Компания индекс көлемінің 8,5 пайызын құрайды — бұл көрсеткіш индекстегі ең кішкентай 240 компанияның жалпы үлесінен үлкен.
Nvidia акцияларының қарқынды өсуі жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған ірі инвестициялармен байланысты. Microsoft, Amazon және Meta сынды ІТ-алпауыттар жуық арада капитaлдық шығындарын шамамен 34 пайызға арттырып, 440 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.
Бұл қаражаттың үлкен бөлігі дәл жасанды интеллекті технологияларына бағытталмақ. Болжамдарға сәйкес, Nvidia-ның кірісі келесі қаржы жылында 285 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Nvidia акциялары Уолл-стритте тарихи әсерге ие
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар