
Қазақстанның әуе компаниясы Qazaq Air 7-қарашадан бастап Астана мен Самарқанд арасында тікелей әуе рейстерін іске қосады. Бұл туралы Өзбекстан Туризм комитеті хабарлады. 
Аталмыш бағыт қозғалысты жеңілдетуге, сондай-ақ екі ел арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға қызмет етеді. Рейстер аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері орындалады. 
Билет бағасы бір бағытқа 1,3 миллион сумнан (60,6 мың теңгеден), екі бағытқа болса 842,8 мың сумнан (36,9 мың теңгеден) басталады. Qazaq Air 2015 жылдың соңынан бері авиация нарығында қызмет көрсетуде. 
Компания Қазақстан ішінде және көрші елдердің шекара аймақтарына рейстер орындайды. Әуе компаниясының орталық әуежай торабы Астана әуежайында орналасқан. 
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар