
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Дик Чейни 84 жасында дүние салды. Бұл туралы The New York Times басылымы оның отбасына сілтеме жасап хабарлады.
Өліміне пневмония мен жүрек-қантамыр ауруларынан туындаған асқынулар себеп болған. Чейни АҚШ тарихындағы ең беделді вице-президенттердің бірі болып есептеледі.
Ол 2001–2009 жылдар аралығында Джордж Буш кіші президенттігі кезінде осы қызметті атқарған. Жүрегімен байланысты созылмалы проблемаларына қарамастан, Чейни өзінің қызметін белсенді жалғастырған.
2012 жылы оған жүрек ауыстырып салынған және содан кейін де ол саяси қызметін жалғастырған. Соңғы жылдары бұрынғы вице-президент ашық түрде Дональд Трампты сынға алуды жалғастырды және 2024 жылғы сайлау алдында Камала Харристі қолдайтынын мәлімдеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар