
Итальян суретшісі Маурицио Каттелан жасаған 18 караттық алтын әжетхана жақын арада аукционға шығарылады, деп хабарлады ABC News.
«Америка» деп аталатын бұл ерекше өнер туындысы 101 килограмм таза алтыннан жасалған және 18 қараша күні Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында 10 миллион доллар бастапқы бағамен сатуға қойылады.
Аукцион өкілдерінің айтуынша, сатып алушылар бағаның өзгерісін онлайн түрде бақылай алады. Алайда сарапшы Дэвид Гальперин бұл өнер туындысына «отыруға болмайтынын», оның көркемдік құндылығы мүлде басқа мағынаға ие екенін атап өтті.
Анықтама үшін, «Америка» деп аталған әжетхананың алғашқы нұсқасы 2016 жылы Нью-Йорктегі музейге орнатылған болатын. Бірақ 2019 жылы ол ұрланып кеткен. Кейін суретші оның жаңартылған нұсқасын жасап, қайтадан жұртшылыққа ұсынды.
Каттеланның айтуынша, бұл туынды шексіз байлық пен адамның атақ пен сән-салтанатқа деген шамадан тыс құштарлығын бейнелейді. Аукцион мамандары болса, бұйымның бағасы күрт өсуі мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін АҚШ-та Somatis атты стартап қоғамдық дәретханаларды автоматты түрде тазалайтын робот жасағаны туралы хабарланған еді.