
“Манчестер Сити” бас бапкері Хосеп Гвардиола командалардың ойын кестесі туралы пікір білдірді. Бапкерден Еуропа Чемпиондар Лигасы ойыны алдында “Боруссияның” бір күнге артық демалуға мүмкіндігі бар екені жайлы ойы сұралды.
“Біз бұған үйреніп кеттік. Жағдай осындай – ешкім кестені өзгертпейді.
Германия мен Францияда Чемпиондар Лигасы ойындарын өткізетін командалар ұлттық чемпионаттағы ойындарын әдетте жұма күні өткізеді, бұл оларға көбірек демалуға мүмкіндік береді. Бірақ Англияда бұл басқаша.
Бұл менің көңіліме жақпайды, бірақ жүйе осылай құрылған”, – деді Гвардиола баспасөз мәслихатында. “Манчестер Сити” мен “Боруссия” арасындағы Чемпиондар Лигасы ойыны 5-қараша күні Мәскеу уақытымен сағат 23:00-де басталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз