
Әлеуметтік желілерде өзбекстандықтардың АҚШ көшелерінде өзбекше той ұйымдастырғаны бейнеленген видео кең тарап кетті. Бұл видео Telegram арналарында да қызу талқыланды.
Видеода күйеу жігіт пен оның достары «Күйеу навкар» рәсімін өткізгені, күйеу жігіттің жолдастары ұлттық әуендер мен әндер шырқалған кезде қалыңдықтың үйіне жеткені көрсетілген. Бұдан бөлек, қалыңдықтың үйі өзбек тойына сай безендірілгені де көзге түседі.
Видеоны тамашалаған қолданушылардың айтуынша, қалыңдықтың америкалық көршілері бұл ерекше салтанатқа қайран қалған. Олар бастапқыда бұл оқиғаның той екенін түсінбеген, бір топ жігіттің костюм-шалбар киіп, би билеп, бір үйге кіріп бара жатқанын көріп таң қалған.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда жақында даңғаза тойларға шектеулер енгізілген. Үкімет азаматтарды қаржылық мәселелерден қорғау мақсатында тойларға бақылауды күшейтіп жатыр.
Америкада өзбекше той қайран қалдырды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар