date

Telegram растау кодтарын WhatsApp арқылы жіберуде


Telegram мессенджері Ресейдегі пайдаланушыларға растау кодтарын WhatsApp арқылы жіберуді бастады. Бұл туралы Durov Kode басылымы хабарлады.

Жаңа функция Ресейдің кейбір өңірлерінде SMS арқылы авторизация тұрақты жұмыс істемейтін жағдайларға балама шешім ретінде енгізілді. Telegram растау кодтарын жіберу үшін CodeVerify деп аталатын WhatsApp аккаунтын пайдалануда.

Хабарламада алты таңбалы растау коды және келесі ескерту бар: “Сіздің растау кодыңыз. Қауіпсіздік мақсатында оны басқа адамдарға бермеңіз.”

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Telegram растау кодтарын WhatsApp арқылы жіберуде