date

Оскар Уайлд отырған түрме суретшілерге арналған панажайға айналады

Оскар Уайлд отырған түрме суретшілерге арналған панажайға айналады

Weekend жазуынша, Англияның Рединг қаласындағы бұрынғы түрмені Ziran Educational Foundation қоры сатып алды. Бұл ғимаратта жазушы Оскар Уайлд 1895–1897 жылдары жазасын өтеген.

Жаңа жоба қудалау мен қысымға ұшырап жүрген шығармашылық адамдар үшін қауіпсіз кеңістік болмақ. Қор өкілдері мұнда өнер орталығын және бутик-қонақүй ашуды жоспарлап отыр.

Осы жазда қор қайта жаңғырту тұжырымдамасын ұсынады: қайта құру барысында камералар көрме залдары мен студияларға айналдырылады. Сәулетшілер түрменің викториан дәуіріне тән келбетін сақтап, оның ауыр тарихын заманауи өнермен үйлестіруге уәде беріп отыр.

Еске сала кетейік, Уайлдтың түрмеде өткізген екі жылы оның әйгілі «Рединг түрмесінің балладасы» шығармасына шабыт берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Оскар Уайлд отырған түрме суретшілерге арналған панажайға айналады