«Жыландар патшайымы»: 60 мың улы жыланмен бірге тұратын қытайлық қыздың хикаясы

Қытайда 29 жастағы қыз өзінің ерекше әрі қауіпті кәсібімен әлеуметтік желіде танымал болды. Ол 60 мыңнан астам улы жыланды баптап, жылына шамамен 147 мың доллар табыс табады.
Синь 1995 жылы Гуанси провинциясында дүниеге келген. Университетті бітірген соң, әкесінің қарсылығына қарамастан, туған ауылына оралып, жылан өсірумен айналысатын фермада жұмыс істей бастады.
Бүгінде ол 50 мыңнан астам аса улы жылан мен 10 мыңға жуық кобраны баптайды. Оның айтуынша, жыланнан алынатын өнімдер әртүрлі салада қолданылады: кептірілген жылан мен оның мүшелері дәстүрлі медицинада пайдаланылса, жылан уы медициналық зерттеулер үшін маңызды шикізат болып табылады.
Мәліметтерге сәйкес, жылан уының 1 грамы 30 долларға, ал жылан еті 150 долларға дейін бағаланады.
Бүгінде Синь әлеуметтік желіде «жылан уын жинаушы қыз» деген атпен танымал және мыңдаған оқырманымен осы қауіпті, бірақ табысты кәсіптің сырларымен бөлісіп келеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!