date

Наманганда қызғаныш құрбаны болған 11-сынып оқушысының қайғылы тағдыры

Наманганда қызғаныш құрбаны болған 11-сынып оқушысының қайғылы тағдыры

Наманган облысы Қасансай ауданында орын алған сұмдық оқиға жұртшылықты дүр сілкіндірді. Қызғаныш салдарынан жігіт өзінің айттырған қалыңдығын, 11-сыныпта оқитын қызды пышақтап, оның өмірін қиды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға биылғы жылдың 6 мамырында сағат 08:30 шамасында Қасансай ауданы «Ёшлик» МФА, Навобот көшесінде болған. Жігіт қызғаныш себебінен айттырған қалыңдығымен сөзге келіп қалған. Содан кейін ол қызды өлтіру ниетімен жанындағы пышақпен оның кеуде және іш тұсына бірнеше рет соққы беріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ауыр жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол ауруханада көз жұмды.

Оқиға туралы хабар түскен соң, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Аумақ мұқият тексеріліп, айғақты заттар ресми түрде алынды және тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған жайт бойынша Қасансай аудандық прокуратурасы тарапынан жігітке қатысты Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі — қасақана кісі өлтіру айыбымен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, ол Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 221-бабына сәйкес ұсталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Наманганда қызғаныш құрбаны болған 11-сынып оқушысының қайғылы тағдыры