Джастин Бибер мейрамханада жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Танымал әнші Джастин Бибер Лос-Анджелестегі Escuela Taqueria мейрамханасында жұбайы және жақын достарымен уақыт өткізіп жүргенде, күтпеген әрі шынайы қылығымен жанкүйерлерін таңғалдырды.
Белгілі болғандай, әнші көрші үстелде туған күнін тойлап отырған жанкүйерлерін байқап қалған. Содан кейін ол еш іркілместен олардың қасына барып, мерекеге қосылды және құттықтау әнін бірге шырқады.
Видеодан көрінгендей, мұндай күтпеген сапардан жанкүйерлер алғашында таңғалып қалса, кейін үлкен қуанышпен әншіге қосылды. Олардың сезімдері мен қуанышы кадрлардан айқын аңғарылады.
Әлеуметтік желілерде жылдам тараған бұл видео көптеген қолданушылар тарапынан жылы қабылданды. Бақылаушылар Джастин Бибердің шынайылығын, қарапайымдылығын және жанкүйерлеріне деген құрметін ерекше атап өтуде.
Бұл жағдай танымал жұлдыздардың қарапайым адами қылықтарының да жанкүйерлер үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.


















Пікірлер 0
…