date

Вера Алентова қайтыс болды

Вера Алентова қайтыс болды
Ресейдің халық әртісі Вера Алентова 83 жасында өмірден өтті. Актрисаның қайтыс болғаны туралы ол жұмыс істеген Пушкин атындағы Мәскеу драма театры хабарлады.

Ол 1965 жылдан бері аталған театрда қызмет атқарып келген. Қайтыс болуына миокард инфаркті себеп болған.

БАҚ мәліметінше, Алентоваға 25 желтоқсан күні Маяковский атындағы театрда актер Анатолий Лобоцкиймен қоштасу рәсімі кезінде жағдайы нашарлап кеткен. Вера Алентова 1942 жылдың 21 ақпанында Архангельск облысында дүниеге келген.

Біршама уақыт Украина мен Өзбекстанда өмір сүрген. 1965 жылы МХАТ жанындағы мектеп-студияны тәмамдаған.

Актриса кинематографиядағы қызметін 1965 жылы «Жаз күндері» фильмінен бастаған. Ол әлемдік танымалдылыққа «Мәскеу көз жасына сенбейді» фильміндегі Екатерина Тихомирова рөлі арқылы жеткен.

Сонымен қатар, ол «Ертең соғыс болды», «Ширли-мырли» және «Құдайларға қызғаныш» сынды фильмдердегі рөлдерімен көрермендердің жадында қалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Вера Алентова қайтыс болды