
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2026 жылы Өзбекістан мен Орталық Азияның басқа елдеріне сапар жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. «Мүмкін, бір апталық сапар жоспарланады.
Сондықтан, бұл бағытта жұмыс істеуіміз және бірге жүзеге асыруымыз керек», - деді ол. Бұл мәлімдеме «S5+1» саммиті қарсаңында айтылды.
Аталған саммит 6 қараша күні өтеді және оған Орталық Азия елдерінің басшылары мен АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады. Саммит барысында тараптар инвестиция және сауда мәселелерін талқылайды.
Бұл өз кезегінде америкалық азаматтарды жұмыспен қамтуға және өңір экономикасын нығайтуға көмектеседі. Рубио аймақ пен Вашингтонның мүдделері табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерінде бір-біріне сәйкес келетінін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы соңғы он жыл ішінде Вашингтон Орталық Азияға жеткілікті көңіл бөлмегенін, алайда қазір АҚШ үкіметі өңір елдерімен екіжақты және аймақтық деңгейде ынтымақтастық жасауға дайын екенін айтты. Сондай-ақ, хатшының орынбасары Кристофер Ландау Трамп Орталық Азияның бес басшысын Вашингтонға шақырғанын және өңірмен белсендірек диалог орнатуды көздейтінін қоса айтты.
Марко Рубио Қазақстанға сапарлауды жоспарлап отыр
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар