date

Ташиев Қытай компаниясының өкілдерінен не талап етті?

Ташиев Қытай компаниясының өкілдерінен не талап етті?

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Қытайдың China Road компаниясының өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрену қажеттігін айтты. Бұл туралы ол Ыстықкөл облысында автомобиль жолдарының құрылысына арналған жұмыс жиналысы барысында айтты.

Жиналыс барысында Ташиев Барскон - Қаракөл автожолының қай компаниямен салынып жатқаны туралы сұрады. China Road компаниясының өкілі орыс тілінде жауап беріп, бұл жолдың құрылысы олардың мойнында екенін растады.

Осыдан кейін Қамшыбек Ташиев Қытай компаниясы Қырғызстан аумағында 20 жылға жуық жұмыс істесе де, оның кейбір өкілдерінің әлі күнге дейін мемлекеттік тілді білмейтінін қатаң сынға алды. Ол шетелдік мамандар елде ұзақ жылдар бойы жұмыс істегендіктен, жергілікті тілге құрметпен қарап, оны үйрену керектігін атап өтті.

"Неге әлі күнге дейін қырғыз тілін үйренбегенсіздер? China Road Қырғызстанда 20 жылдан бері жұмыс істейді. Осынша уақыт ішінде мемлекеттік тілді үйренуге болмай ма? Қырғызша сөйлеуді үйреніңдер!" - деді ол қатаң үнмен.

Қытай компаниясының өкілі Ташиевтің ескертуін үнсіз қабылдап, басын изеп, оның талаптарына келісетінін білдірді.

Сондай-ақ жиында 75 шақырымдық автожол құрылысының мерзімі де талқыланды. Компания өкілі қолданыстағы келісімшартқа сәйкес, жоба 2028 жылдың 1 сентябріне дейін аяқталуы керек екенін айтты. Алайда, жұмыс қарқынын арттыру арқылы жол құрылысын мерзімінен бұрын - 2027 жылдың соңына дейін аяқтауға тырысуға уәде берді.

Бұл жағдай Қырғызстан басшылығының мемлекеттік тіл мәселесіне және ірі инфрақұрылымдық жобалардағы тәртіп пен жауапкершілікке деген байыпты көзқарасын тағы бір рет көрсетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ташиев Қытай компаниясының өкілдерінен не талап етті?