date

Жалған қажыдан 205 млн сўмдік дәрі табылды


Ташкент әуежайында Ұмра зияратынан қайтқан қажылар кейпінде болған адам 205 миллион сомдық дәрілерді заңсыз кіргізбек болғаны анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кеден комитеті хабарлады.

Аталған адам Делиден Ташкентке келген, ол Ұмра зияратын өтеген қажылар кедендік бақылаудан өтпейді деп қате санаған. Комитет мәліметінше, ер адам әуежайдағы дәретханада киімін ауыстырып, өзін қажы ретінде көрсетуге тырысқан.

Алайда кеденшілер оның багажын тексерген кезде, 1700-ден астам қаптама дәріні заңсыз алып кірмек болғанын анықтаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Жалған қажыдан 205 млн сўмдік дәрі табылды