date

Жапонияда жантүршігерлік жол апаты: 50-ден астам көлік соқтығысты

Жапонияда жантүршігерлік жол апаты: 50-ден астам көлік соқтығысты

Жапонияның орталық бөлігінде орналасқан Гумма префектурасында 50-ден астам көлік қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, 26 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды.

NHK телеарнасының хабарлауынша, жол апаты жоғары жылдамдықты автожолда болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апаттың негізгі себебі жолдың көктайғақ болуы. Соқтығысудан кейін кемінде 10 көлік өртенген.

Төтенше жағдай қызметтерінің дерегінше, бес адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген, тағы 21 адам жеңіл жарақат алған. Оқиғаға байланысты Жапонияның орталық бөлігіндегі автожолдың кейбір учаскелері уақытша жабылды.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Жапонияда жантүршігерлік жол апаты: 50-ден астам көлік соқтығысты